«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері Исламдық Даму Банкінде біліктілігін көтеру курстарын өтуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері Исламдық Даму Банкінде біліктілігін көтеру курстарын өтуде

2013 жылы Инвестициялар мен Экспорттық Кредиттерді Сақтандыру жөніндегі Исламдық Компаниямен (ICIEC) бірге қол қойылған Меморандум шеңберінде Исламдық Даму Банкінің еншілес құрылымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері Сауд Аравия Патшалығында кәсіби деңгейін көтеру курстарын өтуде.

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырудағы мақсат – Қазақстан Республикасы мен Сауд Аравия Патшалығы арасындағы төленбеу тәуекелдеріне қарсы сақтандырумен қорғау/қайта сақтандыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша саудалық операциялар мен инвестициялардың көлемін кеңейту.

Оқу барысында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері халықаралық әріптестік және экспорттық кредиттік агенттіктердің қызметіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, Исламдық Компанияның басқару жүйесі мен бизнес-процестердің технологияларымен танысты. Агенттіктің экспорттық кредиттік агенттіктері бір ортақ мақсатты көздейді – экспорттық кредиттерді, шетелдік нарықтарға шығу кезінде сыртқы саудалық операциялар кезіндегі төленбеу тәуекелінен сақтандырумен қорғау арқылы экспорттың дамуын қолдаумен өз елдеріндегі жұмыс бастылыққа және экономикалық өсіп-өркендеуіне ықпал ету, және экспорттық мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.