7 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының Әкімдігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның бірлескен мәжілісі болып өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

7 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының Әкімдігі мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның бірлескен мәжілісі болып өтті

Шығыс-Қазақстан облысының Әкімдігі мен «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингінің Өскемен қаласында өткен бірлескен мәжілісінде Әкім Бердібек Сапарбаев және Холдинг Басшысы Қуандық Бишімбаев келесі төрт бағыт бойынша әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды: Шығыс-Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті қолдау, инновациялық және ғылыми қызметті қолдау, МҮИИДБ жобаларын дамыту мен ілгері жылжыту және тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру.

Бірлескен мәжіліс барысында «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған 10 астам келісімге қол қойды.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қызмет еткен уақыты ішінде жалпы сомасы 186 млрд. теңгеге 400 отандық кәсіпорынға қолдау көрсетті, бұл мемлекетіміздің тұрақты экономикалық даму жолдарының бірі ретінде экспорттың дамуына ықпал етті.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам алдағы уақытта да Шығыс-Қазақстан облысының бәсекеге қабілетті және экспортқабағытталған компанияларына қаржы-сақтандыру қызметтерінің бүкіл спектрі бойынша қолдау көрсете беруге дайын.