12 наурызда Павлодар облысының әкімдігінде потенциалды және әрекеттегі экспорттаушылармен кездесу болып өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

12 наурызда Павлодар облысының әкімдігінде потенциалды және әрекеттегі экспорттаушылармен кездесу болып өтті

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Kaznex Invest Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігінің Өкілдері және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы өңірдің кәсіпорындарына бизнесті отанды экспортты қолдаудың мемлекеттік аспаптары арқылы кеңейту мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

2013 жылы Павлодар облысындағы дайын тауарлардың экспорты 69,4 млн. АҚШ долларын құрады. Республикадағы дайын тауарлардың жалпы экспортына қатысты бұл көрсеткіш 1,8% құрауда. Өңір шетелге негізінен дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдары мен жабдықтарды, кондитерлік бұйымдарды, кабельдік өнімдер мен қағаз-целлюлоза өнімдерін жібереді.

Экспортты мемлекеттік қолдау шеңберінде 2008 жылдан бастап Павлодар облысының 20 астам кәсіпорындары экспорттаушыларды қолдау аспаптарын пайдаланды. Соның арқасында кәсіпорындар құны 23,8 млн. АҚШ доллардан асатын келісімшарттар жасасты.
Оған қоса, «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyөкілдері облыстың бірқатар жетекші кәсіпорындарында болып қайтты: «Kazakhstan Project» ЖШС, «Завод Гофротара» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, «Нефтехим LTD» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «Ромат» ЖШС, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Мерусар и К» ЖШС және «Фирма Диалон» ЖШС.

Kaznex Invest ұлттық агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан әлемдік экспорттаушылардың тізімінде 42-ші орынға ие болуда, ал экспорттың географиясы 119 елді қамтиды. Республика уран, ферроқорытпалар, ұн, бидай, мұнай экспорты бойынша әлемдегі көшбасшылық жайғасымдарға ие болуда. 2012 жылы өңделген тауарлардың экспорты 21,4 млрд. АҚШ долл. не жалпы айналымның 25%-на жетті.