19 наурызда Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасында Төрағаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

19 наурызда Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасында Төрағаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша "Бәйтерек" Холдингінің Еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ мен Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қол қойылған Келісім шеңберінде өңірдің кәсіпкерлері Қызылорда облысынан тысқары шықпай-ақ «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қызметтері бойынша кеңес алып және жобасын толығымен сүйемелдеу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының конференц-залында Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен Қызылорда облысының экспортқа бағытталған кәсіпкерлеріне арнап «Экспорт-2020» бағдарламасы бойынша семинар өткізілді.

Алдағы уақытта ынтымақтастық шеңберінде облыс кәсіпкерлеріне арнап бірлескен оқыту семинарлары мен тренингілерді өткізу, Қызылорда облысының экспорттаушылары туралы ақпаратты ҚР-да және шетелде тарату, өңірде инвестициялық жобаларды іске асырып отырған шетелдік инвесторлардың қызметіне мониторинг жүргізу және зерттелген экспортты дамыту мен ілгері жылжыту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған өзге де өзара іс-қимыл тәсілдері жоспарлануда. 

chat Кеңес ал!