15-16 сәуірде Алматы қаласында проходит VIII «Орталық Азиядағы сақтандыру» халықаралық конференциясы өтуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

15-16 сәуірде Алматы қаласында проходит VIII «Орталық Азиядағы сақтандыру» халықаралық конференциясы өтуде

Конференция Қазақстанның Сақтандырушылар Қауымдастығының қолдауымен өтуде. Бұл оқиға Орталық Азияда, ТМД мен Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі сақтандыру мен қайта сақтандыру саласындағы көшбасшылар үшін дәстүрге айналған.

Өзекті мәселелердің арасында қатысушылар мемлекеттік реттеу мәселелерін және БЭК елдеріндегі сақтандыру нарықтарының даму беталыстарын, апаттар мен ірі залалдарды: әлемдік беталыстарды, жергілікті нарықтарға арналған шешімдерді, қайта сақтандыру нарығының даму беталыстарын және сақтандыру бизнесіндегі ақпараттық технологиялар мәселелерін ұсынды.

Конференцияға жетекші отандық және халықаралық сақтандыру компаниялары, қайта сақтандырушылар, брокерлер, ИТ-компаниялар, Қазақстан Республикасының, Ресей және Беларусьтің реттеу органдарының өкілдері мен басшылары, сондай-ақ ұлттық және халықаралық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.