18 сәуірде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік-Қазақстан облысының Әкімдігімен ...
Шара «KazakhExport» СК» АҚ және «Бәйтерек» холдингісінің құрамына кіретін өзге даму институттарының, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, өңірлік және шетелдік инвесторлар өкілдерінің, ҚР ИЖТМ Инвестициялар және өнеркәсіп комитеттері басшыларының қатысуымен өтті.
Шараның мақсаты өзінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясы экспорт-кредиттік оператор ретінде алдағы уақытта да бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған компанияларды қаржы-сақтандыру қызметтерінің бүкіл спектрі бойынша қолдау көрсете беруге дайын болып отырған оңтүстік өңірдің жобалары мен инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Көрменің бағдарламасында инвестициялық жобалар мен бизнес-идеяларды өңірде іске асыру үшін олармен танысу, инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру арызын ұсыну және жер қойнауларын байқауларға қатысусыз пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігі мәселелері қамтылған. Елімізді әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығару үшін отандық бизнестің мүмкіндіктерін іске асыруда аса маңызды рөлге ие болып отырған бизнес өкілдерінің тарапынан даму институттарының өкілдерімен тікелей байланыстар орнатылды.