Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру жағдайы және өтемақыларға арналған Berne Union мүшелерінің кездесуіне қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру жағдайы және өтемақыларға арналған Berne Union мүшелерінің кездесуіне қатысты

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен сақтандыру жағдайы мен өтемақы мәселелеріне арналған кеңеске қатысты. Іс-шара Қытайдың экспорттық несиелерді сақтандыру корпорациясы – SINOSURE және Халықаралық экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандырушылар одағы – Berne Union қолдауымен ұйымдастырылды.  

Жиналыста келіп түскен шағымды өңдеу, қойылған талап аясында жауап қайтару, сондай-ақ  алаяқтыққа қарсы бірлескен жұмыс бойынша өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу  алаңына айналды.

Сессия барысында қатысушылар Berne Union мүшелерінің кейінгі жылдардағы сақтандыру төлемдері мен өтемдері бойынша статистика деректерімен, экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру саласындағы негізгі үрдістердің барысымен танысты.

Одан бөлек, іс-шара бағдарламасы аясында халықаралық саудаға әсер етіп жатқан аймақтық қақтығыстар, геосаяси халықаралық тәжірибелер және  талап-арыз жұмысы бойынша туындаған дауды шешу және реттеу шараларына арналған дөңгелек үстел болады.

Кездесу соңында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі бірқатар экспорттық-кредиттік агенттік пен халықаралық банк өкілдерімен шағымдарды шешу саласындағы, атап айтқанда компанияның қолданыстағы сақтандыру жағдайлары бойынша әріптестік қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған келіссөз жүргізді.

chat Кеңес ал!