«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның Директорлар кеңесі 2014-2023 жж. арналған жаңа Даму стратегиясын бекітті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның Директорлар кеңесі 2014-2023 жж. арналған жаңа Даму стратегиясын бекітті

КазЭкпортГаранттың Даму стратегиясы өзінде оның онжылдық кезең ішіндегі жұмысының негізгі бағыттары суреттелген, тиімділіктің сапалық және сандық көрсеткіштері берілген және қазақстандық экономиканың өзгерген талаптарына және елдің индустриалды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығының мақсаттарына сай негізгі құжат болып табылады.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өзінің Стратегиясын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының қазақстандық өңделген өнімдердің экспортын және шетелге арналған қазақстандық инвестицияларды қолдау саласындағы жетекші даму институтына айналмақ, сонымен қатар Қазақстанның экспорттық бейнесін дамытуға деген жүйелік көзқарасқа сүйенетін болады.

«KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымы) нарықта 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді (бұрынғы атауы «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ). «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам шикізаттық емес өнімдердің қазақстандық экспорттаушыларының мүддесін саяси және коммерциялық тәуекелдерден сақтандыру арқылы қорғауға арналған жалғыз мамандандырылған сақтандыру компаниясы болып табылады. 2005 жылдан бері Компания сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруда.