Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Берн одағы кездесуінде: инновациялар, жаңа өнімдер | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Берн одағы кездесуінде: инновациялар, жаңа өнімдер

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Берн одағының инновациялар, технологиялар және жасыл экономикаға арналған көктемгі кездесуіне қатысты.

KazakhExport экспорт-кредит агенттіктерден, қаржы және сақтандыру компанияларынан, банктер мен корпорациялардан тұратын 250 қатысушының бірі болды. Норвегияның Export Finance бас кеңсесінде жиналғандар кездесуге қатысу үшін әлемнің 89 елінен келді. 

Кездесу «Шекарасыз инновациялар: жаңа технологиялардан бастап жаңа өнімдерге дейін және экспорттық несиелерді сақтандыру индустриясын жылдам өзгеретін жаһандық ортаға бейімделу» деген тақырып аясында өтті. Жиын BU мүшелерінің 2023 жылға арналған салалық деректерін жариялаумен тұспа-тұс келді.

Берн одағының президенті Маэлия Дюфур 2023 жыл экспортты несиелеу индустриясы үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. BU мүшелері ішкі қаржыландыру құралдары мен untied products бойынша сұраныс артып келе жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, одақ мүшелері болжамды сын-қатерлер мен тәуекелдерге жауап ретінде жаңа өнімдер мен ынталандыруларды, соның ішінде тұрақты жобаларды құра отырып, үнемі инновацияларды енгізіп отырады.

Агенттіктің Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектібаева Prague Club Committee Meeting панельдік сессиясында  компанияның инновациялық тәсілдері туралы айтып берді. Бұл амал-тәсілдерде шикізат секторына тәуелділікті азайту үшін балама салалар пайдасына әртараптандыру, жоба барысында ESG-қағидаттарын енгізу мәселелері ескерілді.

Айта кетейік, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі NZECA ұйымының алғашқы мүшелерінің бірі атанып, экспорттық-кредиттік агенттіктердің нөлдік шығарындылар жөніндегі халықаралық альянсына (Net Zero Export Credit Agencies Alliance, NZECA) аффилиирленген қатысушы ретінде қосылған. Тиісті құжатқа Дүниежүзілік климат саммиті (COP28) аясында қол қойылды.