Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Ondeu EXPO халықаралық көрмесіне қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Ondeu EXPO халықаралық көрмесіне қатысты

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ еліміздің басты индустриялық алаңы – Ondeu EXPO халықаралық көрмесіне қатысты.

Іс-шараны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Жиынның мақсаты – қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру және отандық технологияны дамыту, халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты күшейту, экспорт мүмкіндігін арттыру және өндіріс саласына инвестиция тарту.

Іс-шараға қатысушылар қатарында қазақстандық және халықаралық өңдеуші өнеркәсіп орындары, салалық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ түрлі қаржы-сақтандыру құралдары арқылы Агенттік қолдауын тапқан экспорттаушылар бар.

Экспоненттерге шикізат емес экспортты дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды. Екіжақты кездесуде машина жасау, құрылыс, сондай-ақ IT саласындағы кәсіпорындармен серіктестік мүмкіндіктері талқыға түсті.

Айта кетейік, көрмеде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары) да өз қызметтерін ұсынды.