«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның қолдауымен Қазақстанда шығарылған маркасы Hyundai арнайы техникасы Түрікменстан Республикасына экспортталады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның қолдауымен Қазақстанда шығарылған маркасы Hyundai арнайы техникасы Түрікменстан Республикасына экспортталады

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қаржы-сақтандырушылық қолдау көрсетуімен Қазақстанда шығарылған маркасы Hyundai жүк көліктерінің 150 бірлігі бір жыл ішінде Түрікменстанға жеткізілетін болады.

Ниеті туралы келісімшартқа 2014 жылғы 28 шілдеде Қазақстан тарапынан «Астана Моторс» ҚМК құрамына енетін «Hyundai Auto Truck & Bus» ЖШС мен Түрікменстан тарапынан «Xyндай Meркези Typкменистан» ХО қол қойды. Бұл мәмілені іске асыруда басты рөлге «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ие болды, ол отандық компаниялар мен банкілерге экспорттық операциялар кезінде төленбеу тәуекелінен қорғауды ұсынады, бұл олардың шетелдік нарықтарға шығуын жеңілдетіп және экспорттық жеткізулердің қауіпсіздігіне кепілдік береді.

2012 жылы Қазақстанда шығарылған осы сияқты жүк көліктерін «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қолдауымен Беларусь Республикасы сатып алды. Бастапқы баға беруге сәйкес, мәміленің құны 17 және 42 млн. АҚШ доллары аралығындағы соманы құрады.

Қазақстанда бірнеше мыңдаған кәсіпорын сыртқы экономикалық қызмет саласында жұмыс істеуде және қазақстандық өнімдерді шетел нарықтарында саудалауда. Экспортқа бағытталған өндіріспен сондай-ақ сервистік және құрылыс компаниялары айналысуда, олар шетелдік әріптестеріне темір және автокөлік жолдарын жобалау қызметтерін ұсынады. Көршілес елдерде кондитер бұйымдары да, химия өнеркәсібінің өнімдері, құрылыс материалдары жақсы сұранысқа ие.

Атай кететін маңызды жағдай, экономиканың кез келген даму кезеңінде ұлттық экспортты сақтандырумен және ақпараттық қолдау кез келген мемлекеттің басымдылыққа ие даму бағыты болып табылады. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясының қызметінің көрсеткіштері оның сауда-саттық ағымдардың толассыздығын қамтамасыз етудің аса маңызды аспабы ретінде мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының басты буындарының бірі болып табылатынын көрсетуде.

«KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның еншілес ұйымы) нарықта 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді (бұрынғы атауы «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ). «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам шикізаттық емес өнімдердің қазақстандық экспорттаушыларының мүддесін саяси және коммерциялық тәуекелдерден сақтандыру арқылы қорғауға арналған жалғыз мамандандырылған сақтандыру компаниясы болып табылады. 2005 жылдан бері Компания сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруда.