Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады?

KazakhExport компаниясы «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, ҰЗМИ РМК «Qazpatent» және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен кәсіпкерлерді тегін онлайн-семинарға шақырады. Бағдарлама мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр. 

Семинар бағдарламасы:

  • ҚР кәсіпкерлері үшін қарастырылған өзекті қаржыландыру бағдарламалары
  • Кепіл тапшылығы кезінде не істеу керек?
  • Экспорттық келісімшарт алдындағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелдік сатып алушыны қалай табуға болады?
  • Өндірістік шығындарды жартылай өтеу мүмкіндіктері
  • Сауда белгісін қалай тіркеуге болады?
  • Тегін консультацияны қайдан алуға болады және т.б. сұрақтар.

Семинарға қатысу тегін.  Оқуға тек тіркелген қатысушылар ғана қатыса алады. Мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар:

Семинар кестесі (Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де):

  • 27 ақпан – Астана қаласы;
  • 5 наурыз – Алматы қаласы және Алматы облысы;
  • 12 наурыз – Шымкент қаласы;
  • 19 наурыз – Ақмола облысы;
  • 9 сәуір – Атырау облысы;
  • 16 сәуір – Ақтөбе облысы;
  • 23 сәуір – Шығыс Қазақстан облысы;
  • 14 мамыр – Жамбыл облысы;
  • 21 мамыр – Батыс Қазақстан облысы;
  • 28 мамыр – Қарағанды ​​облысы;
  • 4 маусым – Қостанай облысы;
  • 11 маусым – Қызылорда облысы;
  • 18 маусым – Маңғыстау облысы;
  • 30 шілде – Павлодар облысы;
  • 6 тамыз – Солтүстік Қазақстан облысы;
  • 13 тамыз – Түркістан облысы;
  • 20 тамыз – Абай ауданы;
  • 10 қыркүйек – Жетісу облысы;
  • 17 қыркүйек – Ұлытау облысы.

Семинар бағдарламасы аймаққа байланысты екенін ескертеміз, кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес семинар аймағын таңдауды ұсынамыз.

Оқыту сілтемесі (ZOOM) тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын e-mail және жеке нөміріне (WhatsApp) жіберіледі.

Семинарға байланысты сұрақтар бойынша KazakhExport бизнес-тренері Шарбану Байгошкароваға хабарласуға болады.  Байланыс нөмірі: + 7 707 396 67 87.