KazakhExport БАӘ-мен сауда байланысын күшейту мүмкіндігін талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport БАӘ-мен сауда байланысын күшейту мүмкіндігін талқылады

Қазақстандық экспорттаушылар Алматыдағы KazakhExport кеңсесінде Dubai Chamber International өкілімен кездесті.

Кездесу барысында отандық экспорттаушыларға Dubai Chamber International арқылы БАӘ нарығында жұмыс істеу мүмкіндіктері, ондағы импорттаушыларымен сауда байланысын орнату бағыттары таныстырылды. KazakhExport екіжақты келісімшарт жасасуда қолдау білдіретін болады.

Қазақстандық тараптан тамақ, парфюмерия, электронды жабдықтарды өндірушілер және басқа да компаниялар қатысты.

Еуразиядағы Dubai Chamber International бас өкілі Санан Насибли экспорт саудасын арттыру жолында бұл кездесудің маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Дубайдағы қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушыларға бағыт-бағдар беретінін жеткізді. Алдағы уақытта екі елдің бизнес өкілдері қатысуымен шешуші келіссөздер ұйымдастырылуы мүмкін.

Қазақстандық компанияларға Дубай әмірлігі Үкіметінің «D33» жаһандық стратегиясы шеңберінде саны 50-ге дейін жетуі мүмкін «Dubai Global» ұйымының халықаралық өкілдігі арқылы экспорт географиясын кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды.

*Дубай халықаралық палатасы (Dubai Chamber International) жаһандық корпорациялармен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен серіктестікті нығайту және Дубайдың ірі сауда орталығы ретіндегі мәртебесін арттыру мақсатында құрылды. Палата Дубайдың жан-жақты экономикалық дамуына бағытталған үкіметті қайта құрылымдау аясында Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның нұсқауымен құрылды.