KazakhExport пен PSI Machinery машина жасау өнімдерінің экспортын дамыту туралы келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport пен PSI Machinery машина жасау өнімдерінің экспортын дамыту туралы келісімге қол қойды

Құжат қазақстандық күрделі машина жасау өнімдерін тасымалдауға бағытталған экспорт келісімшарттарын іске асыруды көздейді.

Келісім шеңберінде тараптар мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:

  • Шетелдік сатып алушылар мен тапсырыс берушілерді тікелей қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Бұл жоғары технологиялық қазақстандық өнімді сатып алушыларға жеңілдікпен қаржы ұсынуға мүмкіндік береді.
  • Аванс төлемдерін тартуға арналған сақтандыру және кепілдіктер. Бұл қазақстандық экспорттаушыларға экспорт жобаларды іске асыру кезінде айналым капиталын толытурға мүмкіндік береді.

*TPS Machinery – 2002 жылы құрылған халықаралық компания. Компания тау-кен металлургия кешені, энергетика және мұнай-газ саласындағы объектілерді жобалау, өндіру және салу бойынша қызмет көрсетеді.