Павлодар облысының кәсіпкерлері экспорттаушыларды қолдау шараларымен танысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Павлодар облысының кәсіпкерлері экспорттаушыларды қолдау шараларымен танысты

KazakhExport сақтандыру департаментінің өңірлік менеджері Ерлан Сағишев жергілікті өндіріс нысандарын аралап, экспорттаушыларды қолдау шараларын талқылау мақсатында өңірдің кәсіпкерлік ортасымен кездесті.

Кездесуге «TROYA» ЖШС, «Тандем-ПВ» ЖШС және «ЕГЕР» ЖШС басшылары қатысты. Келіссөздер барысында экспорт көлемін арттыру, жабдықты жаңарту және өндірісті ұлғайту мүмкіндігі талқыланды. Бизнес өкілдері экспорт тасымалын жүзеге асыру барысында туындайтын кедергілер туралы айтты.

Айта кетейік, KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізат емес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіретін кез келген кәсіпорны пайдалана алады. Кәсіпкерлер үшін KazakhExport Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітті.