KazakhExport Гүджарат саммитіне қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Гүджарат саммитіне қатысты

Үндістанда «Индустрия 4.0 – өнеркәсіптік революция, технологиялар мен инновациялар: инклюзивті өсімге жағдай жасау және тұрақты дамуға көшу» тақырыбы бойынша «Динамикалық Гүджарат» ХІІ жаһандық саммиті өтіп жатыр.

Іс-шара сауда-экономикалық байланысты, инклюзивті өсім бойынша ынтымақтастықты, транзиттік-көліктік тасымалдарды және мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды орнатуға бағытталған.

Саммитке қатысушылар қатарында мемлекет басшылары, әлемдік корпорация көшбасшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Саммит аясында «Қазақстан-Үндістан: Жаңа байланыстар» атты семинар ұйымдастырылып, оған «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ да қатысты.

Саммит барысында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Армана Бекбасова KazakhExport қаржылық және сақтандыру механизмдерін пайдалана отырып, Қазақстан мен Үндістанның сауда-экономикалық қатынастарын дамыту мүмкіндіктерін ұсынды.

Атап айтқанда, семинарға қатысушыларға екі ел бизнесіндегі сауда байланысын жақсарту, оның ішінде Қазақстаннан тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде төлемді кейінге қалдыру шарттарымен таныстырылды.

Сонымен қатар, А. Бекбасова KazakhExport көмегімен Үндістан инвестициялары арқылы Қазақстан аумағында экспортқа бағдарланған өндірістерді құру және іске асыру мүмкіндіктерін атап өтті.