Бішкекте қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы жұмысын бастады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бішкекте қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы жұмысын бастады

06 қыркүйекте Бішкекте ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірге ұйымдастырған қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы жұмысын бастады.

Іс-шараның ресми бөлігінің шеңберінде «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» ЖШС және «ҚазОрман» Компаниясы» ЖШС таныстыру өткізілді. 

Машина жасау, құрылыс, химия, орау, тамақ және фармацевтика салаларының 26 кәсіпорыны Қырғызстанның көтерме сауда, дистрибьюторлық және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ іске асыратын отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. 

Бұл «KAZNEX INVEST» Бішкек қаласында өткізіп отырған осындай бесінші іс-шара. Өткен іс-шаралардың қорытындысы бойынша 68 компанияның қатысуымен 28 млн АҚШ долларынан астам жалпы сомаға келісімшарттар жасалды. 

2015 жылы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы сыртқа сауда айналымы 472 млн долларды құрады. Экспорт 2014 жылмен салыстырғанда 29,8%-ға қысқарды және 495 млн долларды құрады. 

Жыл соңына дейін Ресей Федерациясында, Иранда, Украинада, Тәжікстанда, Моңғолияда, БАӘ-де сауда миссияларын өткізу және отандық өндірушілердің өнімдерін таныстыру жоспарланып отыр.