KazakhExport TFX Europe халықаралық конференциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport TFX Europe халықаралық конференциясына қатысты

Іс-шара серіктестермен байланыс орнату және нарықтың негізгі тенденцияларын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

TFX қатысушылар қатарында банктердің, экспорт-кредит агенттіктердің (ЭКА) өкілдері, экспорттаушылар, сақтандырушылар және инвесторлар болды.

Конференцияға «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Арман Бекбасова қатысты.

«Орталық Азиядағы ЭКА көмегімен қаржыландыру» сессиясы аясында іс-шараға қатысушыларға сауда қатынастарын дамытуды ынталандыратын, жергілікті кәсіпорындар үшін экспорт пен импортты дамыту жолдарын ұсынатын KazakhExport құралдары таныстырылды.