Тәжік сауда желілері қазақстандық тауарларға қызығушылық танытып отыр | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Тәжік сауда желілері қазақстандық тауарларға қызығушылық танытып отыр

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Тәжікстан Республикасындағы арнайы өкілі Рамеш Худоиев Соғды облысының басшылығымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Қос тарап Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономика және инвестиция мәселелерін талқылады. Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода өңірдің бизнес-қауымдастығы қазақстандық компаниялармен тығыз байланыс орнатуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қарашадағы көрсеткішке сәйкес, KazakhExport қолдауының арқасында Тәжікстанмен 35 экспорт келісімшарты 49 миллиард теңгеге жасалынды.

KazakhExport қолдауымен отандық өндірушілер Тәжікстанға машина жасау, металлургия, май және тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттап жүр.