KazakhExport Tradex Халықаралық сауда форумына қатысты | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport Tradex Халықаралық сауда форумына қатысты

Форумда сауда, импорт пен экспорт, нетворкингті дамыту және нарық трендтері талқыға түсті. Іс-шараға бизнестегі жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

KazakhExport компаниясының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Алмас Қалқаев форумда спикер болды. Ол панельдік сессия барысында форум қатысушыларына қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік импорттаушылар пайдалана алатын KazakhExport қолдау құралдарын таныстырды.