Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады?

 KazakhExport компаниясы «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен кәсіпкерлерді тегін онлайн-семинарға шақырады. Бағдарлама мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр. 

 Семинар бағдарламасы:

  • ҚР кәсіпкерлері үшін қарастырылған өзекті қаржыландыру бағдарламалары
  • Кепіл тапшылығы кезінде не істеу керек?
  • Экспорттық келісімшарт алдындағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелдік сатып алушыны қалай табуға болады?
  • Өндірістік шығындарды жартылай өтеу мүмкіндіктері
  • Тегін консультацияны қайдан алуға болады және т.б. сұрақтар.

 Семинарға қатысу тегін.  Оқуға тек тіркелген қатысушылар ғана қатыса алады.

Мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар: https://forms.gle/8bT9o76oL7CJkEyn8

 Семинар кестесі (Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де):

  • 15 қараша – Алматы және Алматы облысы
  • 22 қараша – Маңғыстау облысы
  • 29 қараша – Қызылорда облысы

 Семинар бағдарламасы аймаққа байланысты екенін ескертеміз, кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес семинар аймағын таңдауды ұсынамыз.

 Оқыту сілтемесі (ZOOM) тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын e-mail және жеке нөміріне (WhatsApp) жіберіледі.

 Семинарға байланысты сұрақтар бойынша KazakhExport бизнес-тренері Шарбану Байгошкароваға хабарласуға болады.  Байланыс нөмірі: + 7 707 396 67 87.