Жезқазған кәсіпкерлері экспорттаушыларды қолдау шараларымен танысты | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Жезқазған кәсіпкерлері экспорттаушыларды қолдау шараларымен танысты

 «Мемлекеттік қолдау шаралары» семинары аясында KazakhExport Сақтандыру департаментінің аймақтық менеджері Әділ Мұханов өндіріс нысандарын аралап, экспорттаушыларды қолдау шаралары бойынша өңірдің кәсіпкерлік қоғамдастығымен кездесу өткізді.

 Атап айтқанда, жиынға «Ютария Ltd» Өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС, «Қазтехфильтр» ЖШС, «Самади 2030» ЖШС өкілдері қатысты. Кездесуде экспортты дамыту, жабдықты жаңғырту және өндірісті ұлғайту жолында KazakhExport қолдау құралдарына ерекше назар аударылды.

 KazakhExport жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер барысында компаниялардың жаңа нарыққа шығып, дамуына мүмкіндік беретін құралдарды жетілдіріп, отандық бизнесті белсенді түрде қолдауды жалғастыратынын жеткізді.