«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда, экономика және қаржылық саясат саласындағы талқылауына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда, экономика және қаржылық саясат саласындағы талқылауына қатысты

2014 жылғы 16 қазанда Мәскеу қаласында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам, белоруссиялық БелЭксимГарант экспорттық сақтандыру кәсіпорны мен ресейлік Эксар экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің қатысуымен Еуразиялық Экономикалық комиссияның 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартына сәйкес талқылауы болып өтті. Осы шараның қорытындысы бойынша Кеден одағы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін өзге елдерге тауарлар мен қызметтердің экспортына ықпал ету арқылы және одаққа мүше-елдердің арасындағы көптараптық тауар айналымына ықпал ету арқылы арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушы-елдердің бірыңғай мәліметтер қорын құру арқылы іске асырудың алғышарттары, тәуекелдерді бірлескен түрде қайта сақтандыру, экспортты мемлекеттік қолдау шарттарын синхрондау, ұлттық қолдау жүйелерін жетілдіру жағдайында жаңа өнімдер мен шешімдерді құру саласындағы бірыңғай көзқарастар баяндалды. Кеден одағы жұмыс істеген кезең ішінде қатысушы-елдердің өзара тауар айналымы 36%-ға өсті, яғни 2010 жылғы 47,1 млрд. АҚШ долларынан бастап 2013 жылы 64,1 млрд. АҚШ долларына дейін, ал өзара сауда-саттық көлемінің өсу қарқыны қатысушы-елдердің сыртқы сауда-саттық өсімінің қарқынынан асып түсті Жобаның сәтті болуының тағы бір растауы - 2012-2013 жж. кезең ішінде ЖІӨ көрсеткіштерінің, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің, мүше-мемлекеттердің экономикасына келіп түскен инвестициялар көлемінің өсуі.

Анықтама:

2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аймағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы келісімшартқа сәйкес Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында құрылған Кеден одағы (КО) 201 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Одақ қатысушы-мемлекеттердің арасындағы сауда-саттықтағы барлық кедендік тосқауылдардың жойылуын ескереді. 2014 жылғы 29 мамырда Астана қ. үш елдің президенттері тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына арнап тосқауылдарды жою, экономиканың басты салаларында үйлестірілген, келісілген не ортақ саясатты жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойған болатын, бұл құжатта КО мен БЭК-дан кейінгі келесі ықпалдасу сатысына көшу белгіленген және ол Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси тәуелсіздігі мен қалыптасқан мәдени ерекшелігін толықтай сақтай отырып, еуразиялық экономикалық ықпалдасуды одан әрі тереңдетуге бағытталған.