Кондитерлік өнімдерді шығаратын шымкенттік зауыт экспорт көлемін арттырды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Кондитерлік өнімдерді шығаратын шымкенттік зауыт экспорт көлемін арттырды

«NURTAU Distribution» кондитерлік  зауыты қазақстандық өнімнің экспортын арттыруға ниет білдіріп отыр. Бүгінде зауыт «KazakhExport» ЭСҚ» АҚ-ның экспорттық несиені сақтандыру бойынша қолдауына ие болып, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан нарығына шығып үлгерген.

 «NURTAU Distribution Company» ЖШС — ассортименті кең дистрибьютор. Кәсіпорын ел аумағындағы 4 мыңға жуық сауда нүктесіне тауар ұсынады, айналымдағы тауарларының ассортименті 900-ден асып жығылады.

 «Бізге KazakhExport шетелдік сатып алушылармен байланыс орнатуға көмек беріп, көршілес елдердерге экспортқа шығуға жол ашты. Қазір біздің басты мақсатымыз – өндіріс қуатын арттырып, экспорт географиясын кеңейту», - деді  NURTAU Distribution компаниясы Экспорт бөлімінің менеджері Ернар Қасымов.

 Өз кезегінде «KazakhExport» ЭСҚ» АҚ Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Мәженова 2023 жылдың басынан бері компания 50-ге жуық қазақстандық кәсіпорынның экспорттық келісімшарттарын қолдағанын атап өтті. Бұл ретте шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесі шамамен 70 пайызға жеткен. 

 «KazakhExport кәсіпорындардың шетелдік сатып алушылармен алыс-беріс кезіндегі тәуекелдерін өз жауапкершілігіне алады. Сонымен қатар, отандық тауарға немесе көрсетілетін қызметке тұрақты сұраныс болуын қамтамасыз етеді. Ал «NURTAU distribution» компаниясына келсек, KazakhExport сақтандыру өтемі зауытқа төлемді кейінге қалдыру шартымен өткізілген тауар үшін шетелдік сатып алушыдан төлем алуға сенім береді», - деді А. Мәженова.