«Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Берн Одағы/Прага Клубының осы қауымдастықтың 80-жылдығына арналған Отырысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Берн Одағы/Прага Клубының осы қауымдастықтың 80-жылдығына арналған Отырысына қатысты

Отырыс ағымдағы жылдың 18 және 23 қазанында Ұлыбританияның Лондон қаласында өтті, оған әлемнің 40 экспорт-кредиттік агенттігінің 80-нен астам сарапшылары, Халықаралық қаржылық компания мен халықаралық қаржылық институттардың сарапшылары қатысты. Шараның мақсаты клубқа мүше-мемлекеттердің ұлттық экспорты мен инвестицияларын қолдауда тәжірибемен алмасу, саланың қаржы-сақтандыру саласының өзекті мәселелерін талқылау және тиісті ұсыныстарды әзірлеу.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам 2004 жылғы ақпаннан бері Берн одағының Прага клубының, өзіне 34 елді танытатын 37 агенттік пен 3 трансұлттық ұйым кіретін әлемнің ең ірі экспорт-кредиттік агенттіктері қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады. Прага клубы 1993 жылы Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД, Азия, Африка елдеріндегі экспорттық операцияларды сақтандыру мен несиелендіруді дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған.