«Донор күні» «Бәйтеректе» өтті: шамамен 30 литр қан тапсырылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«Донор күні» «Бәйтеректе» өтті: шамамен 30 литр қан тапсырылды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметкерлері дәстүрлі «Донор күні» аясында шамамен 30 литр қан тапсырды.


«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұйымдастырған биылғы «Донор күні» қайырымдылық акциясына холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері қатысты. Барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олардың 73-і донор атанып, соның арқасында 30 литрге жуық донорлық қан тапсырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен қоғам арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсету.


Мұндай акция «Бәйтерек» холдингінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін паш етіп, қоғам өміріндегі белсенділіктерін де растайтын жақсы дәстүрге айналды.