Талдықорған кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы айтылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Талдықорған кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы айтылды

Алматы қаласындағы KazakhExport өкілдігінің директоры Алмас Қалқаев пен өңірлік менеджер Александр Югай экспорттаушы компанияларды қолдау шаралары мәселелері бойынша Талдықорған қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесулер «Алмаз керамикс» ЖШС, «Медисон-2008» ЖШС, «Жетісу тігін фабрикасы «Айсұлу» ЖШС, «AF» ЖШС, «Көксу ГРК» ЖШС, «АСПМК-519» ЖШС өткізілді.

Экспортты дамыту мәселелері, өзекті мәселелерді шешу жолдары, жабдықтарды жаңғырту, өндірісті ұлғайту және экспортқа шығу үшін KazakhExport қолдаудың қолжетімді құралдары талқыланды.