«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен түркімендік-қазақстандық бизнес-форумы жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен түркімендік-қазақстандық бизнес-форумы жұмысына қатысты

Іс-шара 2014 жылы 1 желтоқсанда «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» темір жолының ашылуы қарсаңында түркімендік-қазақстандық бизнес-форумы шеңберінде ұйымдастырылды. Форумда өзара сауда айналымы мен оны ары қарай дамыту, сонымен қатар екіжаққа да тиімді жаңа жобалар туралы мәселелер талқыланды. Шараны «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ қолдауымен Түркіменстан сауда-өнеркәсіптік палатасы ұйымдастырды. Машина және құрал-сайман жасау, құрылыс материалдары, теріден жасалған өнімдер, құрылыс және макарон өнімдерін жасау саласында жұмыс істейтін Қазақстандық 10-нан аса кәсіпорындар өз өнімдерін тұтынушыларға көрсетті. Сөз кезегінде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Басқарма төрағасының орынбасары Е.Бекхожин экспорттаушы және қазақстандық өнімді сатып алушыларға қаржылық-сақтандыру жөнінен қолдау көрсетуді алға тартты.