«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары орта бизнес кәсіпорындарын қолдаудың жаңа бағдарламасының басталуы туралы хабарлады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес құрылымдары орта бизнес кәсіпорындарын қолдаудың жаңа бағдарламасының басталуы туралы хабарлады

6 қаңтарда Тараз қаласында Холдингтің және оның еншілес құрылымдарының жетекшілері, Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының өкілдері, Жамбыл облысы әкімшілігінің қызметкерлері Бағдарламаға қатысу шарттарын тсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесті. 

Холдинг өкілдерінің айтуынша Бағдарламаға тиісті табысы, даму динамикасы, тұрақты қаржылық көрсеткіштері бар дайын өнімді экспорттаушы орта бизнес кәсіпорындары қатыса алады.

Экономика секторларының ішінде мәшинежасауға, азық-түлік өнеркәсібіне және құрылыс материалдары өндірісіне басымдық беріледі.

Бағдарлама Қазақстанның даму банкі, Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам, Қазына Капитал Менеджмент және Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік сияқты «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымдары арқылы жүзеге асырылады. Аталған әрбір даму институты бағдарламаны жүзеге асыруға мынадай өз құралдарын пайдаланады: тікелей несиелеу, лизингілік мәмілелелрді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, экспорталды қаржыландыру және саудалық қаржыландыру, инновацияларға арналған гранттар. Сонымен, Бағдарлама «бір терезе» қағидаты бойынша орта бизнес кәсіпорындарына кешенді қолдау көрсетуге мүмкіндік тудырады. 

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде аймақтық және әлемдік нарықтарда бәсекелесуге қабілетті компанияларды қолдау мен соған сәйкесінше шикізаттық емес экспорттың артуына және импорталмастыруға қол жеткізу жоспарланып отыр. 

Орта бизнес кәсіпкерлерімен мұндай кездесулерді республиканың барлық аймақтарында өткізу жоспарланып отыр.