Қостанай облысында Kostanay Invest 2023 ауқымды инвестфорумы өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қостанай облысында Kostanay Invest 2023 ауқымды инвестфорумы өтті

Форум жұмысына отандық және шетелдік іскерлік қоғамдастықтың өкілдері, шет мемлекеттердің елшілері және бизнесті дамыту институттарының өкілдері қатысты. Іс-шараға KazakhExport өңірлік өкілі Ернұр Қошқынбаев та қатысты.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов өңірдегі машина жасау, АӨК, тамақ өнеркәсібі, мал шаруашылығы, металлургия, тау-кен өндіру секторы сияқты экономиканың бәсекеге қабілетті секторларын және білім беру және тұрғын үй құрылысы сияқты бизнестің басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарын белгіледі.

Форум аясында облыс әкімдігімен және шетелдік мүдделі тараптармен бірлесіп, қатысушылар делегациясы облыстағы бірқатар кәсіпорындарға барды.

Айта кетейік, Қостанай облысында KazakhExport қолдаған кәсіпорындардың қатарында "Агромашхолдинг KZ" АҚ, "Баян Сұлу" АҚ, "Бест Қостанай" ЖШС, "Еураз Каспиан Болат" ЖШС, "Саламат "компаниясы" ЖШС, "Мибеко" ЖШС, "Промбаза – 7" ЖШС, "СарыарқаАвтопром" ЖШС және тағы басқалар сияқты компаниялар бар.