Словения Қазақстаннан келетін азық-түлік тауарларына қызығушылық танытады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Словения Қазақстаннан келетін азық-түлік тауарларына қызығушылық танытады

Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының АӨК кеңесі, «KazakhExport» АҚ және «Qaztrade» АҚ словениялық EcoSynergy System бағдарламасының өкілдерімен онлайн отырысын өткізді.

Бағдарлама жетекшісі Алес Кондорфер Еуропа елдерінің азық — түлік тауарларын-консервіленген өнімдер, шырындар, жеміс концентраттары, жидектер, жемістер, күріш, ұн, май, бал және т. б. импорттауға мүдделілігін атап өтті.

«Ынтымақтастық экожүйе шеңберінде жасалуы тиіс, ол қайта өңделген шикізаттан жасалған компоненттерді немесе қаптаманы қолдануды көздейді. Бұл табиғатқа зиянды әсерді азайтады және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді», - деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша Еcosunergy өкілдері мүдделі болған жағдайда ақтөбелік өндірушілерге өз ұсыныстарын жіберуді ұсынды.

Өз кезегінде «КazakhExport» өңірлік менеджері Тимур Бралинов компания өз тарапынан экспорттық мәмілелердің сақтандыру бөлігінде қолдау көрсете алатынын айтты.