Онлайн семинарлар кестесі: Бизнесті дамытуға қолдауды қалай алуға болады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Онлайн семинарлар кестесі: Бизнесті дамытуға қолдауды қалай алуға болады

«KazakhExport» АҚ «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жәрдемдесуімен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Семинар бағдарламасында:

  • Қаржыландырудың өзекті бағдарламалары.
  • Кепіл жетпеген кезде не істеу керек?
  • Экспорттық мәмілелер кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелде сатып алушыны қалай табуға болады?
  • Өндірістік шығындарды ішінара өтеу?
  • Тегін консультацияны қайдан алуға болады және т.б.

 Қатысу тегін! Семинарлар тек тіркелген қатысушыларға қолжетімді. Сілтеме бойынша тіркелу: https://forms.gle/x3tQRoDEYtA632uN6

Кесте (Астана уақыты бойынша сағат 11-00):

  • 13 шілде-Солтүстік Қазақстан облысы
  • 20 шілде-Ақмола облысы
  • 27 шілде-Павлодар облысы
  • 3 тамыз-Ұлытау облысы
  • 10 тамыз-Қостанай облысы

Семинар бағдарламасы өңірге байланысты, кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес семинар өңірін таңдауды ұсынамыз.

Оқуға сілтеме (ZOOM) тіркелген қатысушыларға семинарға дейін бір күн бұрын тіркеу кезінде көрсетілген e-mail және нөмірге (WhatsApp) жіберіледі.

Семинар сұрақтары бойынша KazakhExport бизнес-тренері Анар Қабдуғалиеваға хабарласыңыз, байланыс нөмірі: + 7 701 710 97 53