«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның өкілдері Эксимбанктердің Халықаралық Азиялық форумы оқу бағдарламасына қатысып отыр | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам-ның өкілдері Эксимбанктердің Халықаралық Азиялық форумы оқу бағдарламасына қатысып отыр

Мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастық моделін пайдалану арқылы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша 2015 жылдың 10-ақпанында Манила қаласында өткен Эксимбанктердің Халықаралық Азиялық форумы оқу бағдарламасының ұйымдастырушысы Филиппиндік экспорттық-импорттық несие агенттігі болып отыр. Бұған қоса Азиялық даму банкі экспорттық-импорттық операцияларға тартылған қазақстандық өкілдердің оқу бағдарламасына техникалық және демеушілік көмек арқылы қолдау көрсетті. 

Халықаралық форумның оқу процесі қалыптасып отырған жаһандық қаржы жүйесінің, оның үрдістері мен болшағының талаптарына жауап беретіндей Азия елдері мен аймақтық қаржы институттары арасындағы тығыз ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

Форум бағдарламасы барысында «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyөкілдері халықаралық ынтымақтастық, экспорттық несиелік агенттіктер қызметі, сол сияқты аймақтық экономикалық құрмаласу мен серіктестік тақырыбындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылайды.