Абай облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Абай облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Іс-шараға өңірдің бизнес-қоғамдастығы мен "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ, "KazakhExport" АҚ, "QazTrade" АҚ, "QazIndustry" АҚ, "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ, "Даму "КДҚ" АҚ және "Атамекен"ҰКП өкілдері қатысты.
Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Тәженова кәсіпкерлерге KazakhExport ұсынатын экспортты қолдау құралдарын ұсынды.

Жұмыс сапары аясында:

  • шикізаттық емес өнімдерді отандық экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының мүмкіндіктері таныстырылды.
  • проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді.
  • инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ ҚР-да инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті қолдау" оқыту тренингі өткізілді.