«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы бизнесті қолдаудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы бизнесті қолдаудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

«Бәйтерек» холдингі және ҚР КҰП қол қойған құжатқа сәйкес бірнеше бағыт бойынша әріптестік орнатады. Оның ішінде қаржы-инвестициялық қызметті дамыту саласы, кәсіпкерлік пен инновацияларды қолдау, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша әріптестікке келісім жасалды. Экономиканы әртараптандыру мен отандық кәсіпкерлікке нақты жәрдем жасау туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алға тартқан мақсаттарына қол жеткізуді ескере отырып, қазірдің өзінде іс-шаралардың жоспары жасалып жатыр.

Құжатқа сәйкес «Бәйтерек» холдингі қызметінің қаржы-инвестициялық бағытын дамыту саласындағы, оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау бөлігіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Бәйтерекдевелопмент» АҚ-ы қоса кіретін қаржы жәе инвестициялық қызметтерді, сонымен бірге құрамына «KazakhExport» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы кіретін кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау қызметтерін жүзеге асырушы ұйымдар Директорларының кеңесіне ҚР КҰП өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі. 

ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы қарыздық қаржыландыру немесе алдағы дамуына қажетті мемелекеттік қолдау талап ететін инвестициялық жобаларды холдингтің және оның еншілес құрылымдарының қарауына ұсынуға ниетті. 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев кездесуде: «ҚР КҰП-мен күш біріктіру Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға оң әсерін тигізетін болды, бұл әрі экономиканың шикізаттық емес секторына инвестицияларды тартуға да қолайлы жағдай тудырады», - деп көрсетті.