"Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбында тегін онлайн-семинарлар (ZOOM) | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

"Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбында тегін онлайн-семинарлар (ZOOM)

"KazakhExport" АҚ "QazTrade" АҚ пен "QazIndustry" АҚ қолдауымен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тегін онлайн-семинарларға (ZOOM) қатысуға шақырады.

Семинарлар бағдарламасында:

  • Қаржыландырудың өзекті бағдарламалары туралы (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру).
  • Банктерде кредит алу кезінде кепілзат жетпесе не істеу керек?
  • Шетелге экспорттау кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелдермен келісімшартты қалай жасасуға болады?
  • Өндіріс шығындарын қалай ішінара өтеуге болады, қалай ақысыз кеңес алуға болады және тағы басқалар.

Семинарларды өткізу кестесі (семинар бағдарламалары аймаққа байланысты өзгереді):

  1. Астана – 2023 ж. 26 мамыр
  2. Қарағанды облысы - 2023 ж. 1 маусым
  3. Алматы және Алматы облысы - 2023 ж. 8 маусым
  4. Өскемен - 2023 ж. 15 маусым

Уақыты: 11-00

Мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://forms.gle/DrJFuAQwR3KykaS17

Ескертпе: Оқуға сілтеме тіркелген қатысушыларға семинарға дейін бір күн бұрын тіркеу кезінде көрсетілген e-mail және нөмірге (WhatsApp) жіберіледі.

Семинар сұрақтары бойынша KazakhExport бизнес-тренері Анар Қабдуғалиеваға хабарласыңыз, байланыс нөмірі: + 7 701 710 97 53