«KazakhExport» СК АҚ-на BerneUnion халықаралық сақтандырушылар ассоциациясында бақылаушы мәртебесі берілді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК АҚ-на BerneUnion халықаралық сақтандырушылар ассоциациясында бақылаушы мәртебесі берілді

Амстердам қаласында осы жылдың ақпанында өткен Берн одағының (BerneUnion) атқарушы органы мәжілісінің шешімі бойынша «KazakhExport» СК АҚ-на халықаралық сақтандырушылар ассоциациясында бақылаушы мәртебесі берілді. 

Одақтың негізгі принциптері бойынша Қазақстанның БСҰ өтуімен байланысты ерекше өзектіленіп отырған аймақтық экономикалық құрмаласу мен әріптестік мәселелерінде халықаралық экспорт-несие агенттіктері арасындағы өзара әрекеттестік аясы әмбебап болуы көзделеді. Бақылаушы мәртебесі «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамқа Берн одағының іс-шараларына қатысуға, талдау материалдарының таратылымын ұдайы алып тұруға, экспортты, инвестицияларды сақтандыру және халықаралық сауданы қолдау саласындағы басқа да өзекті мәселелер бойынша тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамқа ақпарат (мәлімет) алмасуға мүмкіндік тудырады, ал соңғысы өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлердің дайын өнімдерін экспорттау географиясының кеңеюіне септігін тигізеді.

Берн одағы1934 Франция, Италия, Испания мен Ұлыбританияның жекеменшік және мемлекеттік экспорт-несиелік сақтандырушыларымен құрылған болатын. Бірлестіктің аты алғашқы кездесудің Швейцарияның Берн қаласында өткізілуімен байланысты алынған болатын. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен 79 мүше-копаниялар кітерін Берн одағы экспорт-несиелік және инвестициялық сақтандырудың жаһандық жетекші драйвері болып табылады. Берн одағының мүшелігіне экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру нарығындағы EulerHermesKreditversicherungs (Германия), Nexi (Жапония), Sace (Италия), EDC (Канада), Sinosure (Қытай), US EximBank (АҚШ), OverseasPrivateInvestmentCompany (СШАҚЩА), MIGA Multilateral (Әлемдік банк тобы) және тағы басқа сияқты ірі ойыншылар кіреді. Статистикалық мәліметтер бойынша жыл сайын халықаралық сауда көлемінің 10 пайызынан астамы дәл осы халықаралық бірлестік мүшелерімен қаржыландырылады. Бұған қоса 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысынан кейін Берн одағының мүшелері экспортбағдарлы компанияларға сатыпалушының өз міндетін орындаумауына байланысты туындаған 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі шығынын өтеп берген. 

2013 жылдан бастап «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyхалықаралық байланыс бағытында жұмыс белсенділігін арттыра бастады. Мәселен, 2014 жылы отандық агенттік AmanUnion-ның толыққанды мүшесі болды. Сонымен қатар осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің арнайы институттарын қосқанда отандық экспорт пен инвестицияларды қолдайтын әлемдік жетекші экспорт-несие агенттіктерімен меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қызметкерлері жыл сайын қалыптасып отырған жаһандық қаржы жүйесінде тығыз әріптестікті жақсартуға бағытталған оқу процестерін игеру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. 

chat Кеңес ал!