«KazakhExport» делегациясы Душанбе қаласына жұмыс сапары аясында еліміздің жүйе құраушы банктерімен бірқатар кездесулер өткізді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» делегациясы Душанбе қаласына жұмыс сапары аясында еліміздің жүйе құраушы банктерімен бірқатар кездесулер өткізді

Атап айтқанда, Саноатсодиротбонк, Ориёнбонк, Амонатбанк және Тәжікстан халықаралық банкі сияқты банктермен кездесулер өтті.
Кездесулер шеңберінде қолданыстағы және жаңа жобалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Қазақстаннан Тәжікстанға экспортты ұлғайту үшін жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылды.

Тараптар бірлескен жобаларды, оның ішінде KazakhExport Сауда-саттықты қаржыландыру құралдарын қолдана отырып, іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.