«KazakhExport» өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне қатысады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне қатысады

Бүгін елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Қазақстанның басты индустриялық оқиғасы – Ondeu Expo өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі ашылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады. Іс-шара 2023 жылдың 10-12 мамыры аралығында өтеді.

Көрмеге қатысушылардың қатарында қазақстандық және халықаралық өңдеу өнеркәсібі компаниялары, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ KazakhExport компанияның түрлі қаржы-сақтандыру және қаржылық емес құралдары арқылы қолдау көрсеткен экспорттаушы компаниялар бар.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында «KazakhExport» АҚ Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова қатысушыларға шикізаттық емес өнімдер экспортына бағдарланған кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен механизмдерін ұсынды.

«KazakhExport» қазақстандық кәсіпкерлерге экспорттық қызметтің кез келген кезеңінде қолдауды ұсынады, бұл шетелдік нарықтарда қазақстандық қамту тауарлары мен қызметтерінің болуын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті А. Маженова