Шымкент кәсіпкерлеріне қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шымкент кәсіпкерлеріне қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында KazakhExport өкілдері жергілікті өндірістік компанияларды аралап, кәсіпкерлерді қолдау құралдарының мүмкіндіктерімен таныстырды. Кездесулер аясында сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев пен өңірлік менеджер Айнұр Анесова кәсіпкерлермен экспортты дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады. Өз кезегінде бизнес өкілдері экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыру барысында кездесетін ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді айтты. 

KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алатынын атап өткен жөн. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітілген, оған KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау тәсілдері туралы ақпарат алу үшін хабарласуға болады.