Дайын өнімді экспорттаушылар қосымша көмек алады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Дайын өнімді экспорттаушылар қосымша көмек алады

«Бәйтерек» ұлттық басқаруы холдингі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасы қол қойған отандық бизнесті қолдау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісім аясында «KazakhExport» экспорт-несие сақтандыру компаниясының өкілдері републиканың бірқатар аймақтарында дөңгелек үстелдер өткізеді. Бұдан басқа, кәсіпорындардың өндірістік телімдерінде тікелей кездесулер жүзеге асырылады. 

Іскери кездесулер барысында экпортты жылжытудың жаңа жолдары талқыланады, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі ағымдағы мемлекеттік бағдарламалар аясында экпорттық операцияларды қаржыландыру мен сақтандыру сұрақтары қаралады.

Қазіргі кезде Ұлттық палатамен күш біріктіру бизнесті қолдау мен дамытуға оңынан әсер етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде шикізаттық емес экспорттың шетелдік нарыққа шығарылуына қолайлы жағдай тудырады.

Бүгінгі күні ішкі нарықтағы өндірушілерді қолдау бойынша даму институттары бірқатар салмақты да жүйелі шараларды қолға алып отыр, сондай-ақ өндіріс деңгейін, жұмыс орындары мен өткізу нарығын сақтап қалу аса маңызды болып табылатын дайын өнімдерді экспорттауға да ерекше назар аударылып отыр.