Хабарландыру: ШОБ үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша тегін семинар (Тараз) | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Хабарландыру: ШОБ үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша тегін семинар (Тараз)

2023 жылғы 4-5 мамырда Тараз қаласындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғимаратында шағын және орта бизнес үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша екі күндік тегін семинар өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – «KazakhExport» ЭСК АҚ, «QazTrade» АҚ, Еуропалық Одақ пен Халықаралық сауда орталығының қолдауымен.

Тренингтерде мынаны біле аласыз:

• Экспорттық мәмілелерге қандай мемлекеттік бағдарламалар қолдау көрсетеді
• Бизнесті экспорттық процестерге қалай дұрыс дайындау керек
• Қазақстаннан тауарды қалай экспорттауға болады
• Қажетті рұқсат құжаттарын қайдан және қалай алуға болады

Барлық қатысушылар тренингтерден өткені туралы сертификаттар алады.

Дәл қазір сілтеме арқылы қатысуға өтініш беріңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeYAd3quHS9JIEhlMxJfQJsIJGCWOrcv5oKgzMb108xfLyrtg/viewform

chat Кеңес ал!