Хабарландыру: ШОБ үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша тегін семинар | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Хабарландыру: ШОБ үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша тегін семинар

2023 жылғы 18-19 сәуірде Шымкент қаласында Рысқұлов көшесі, 205А мекенжайындағы Ramada by Wyndham Shymkent-те шағын және орта бизнес үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша екі күндік тегін семинар өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – «KazakhExport» ЭСК АҚ, «QazTrade» АҚ, Еуропалық Одақ пен Халықаралық сауда орталығының қолдауымен.

Тренингтерде мынаны біле аласыз:
• Экспорттық мәмілелерге қандай мемлекеттік бағдарламалар қолдау көрсетеді
• Бизнесті экспорттық процестерге қалай дұрыс дайындау керек
• Қазақстаннан тауарды қалай экспорттауға болады
• Қажетті рұқсат құжаттарын қайдан және қалай алуға болады
Барлық қатысушылар тренингтерден өткені туралы сертификаттар алады.
Дәл қазір сілтеме арқылы қатысуға өтініш беріңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeYAd3quHS9JIEhlMxJfQJsIJGCWOrcv5oKgzMb108xfLyrtg/viewform