Жетісу облысының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Жетісу облысының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

Жетісу өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында 12 сәуірде «QazTrade» АҚ өкілдері «QazIndustry» АҚ және «Kazakh Export» ЭСК» АҚ-мен бірлесіп өңірдің экспортқа бағдарланған компанияларымен кездесуге қатысты. Кәсіпкерлерге шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Өз кезегінде бизнес өкілдері экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыру барысында кездесетін ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді айтты. QazTrade сарапшылары бизнесмендерге кеңес беріп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Кеңес аясында Алматыдағы KazakhExport өкілдігі директорының орынбасары Алмас Қалқаев шикізаттық емес саланың экспортын қолдау құралдарын ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, Kazakh Export қызметтерін Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар/қызметтер өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әрбір өңіріне KazakhExport сақтандыруды қолдау тәсілдері туралы ақпарат алу үшін жүгінуге болатын жеке менеджер бекітілді.