KazakhExport UN Global Compact конференциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport UN Global Compact конференциясына қатысты

Алматыда БҰҰ серіктестері мен Жаһандық шарт мүшелерінің (UN Global Compact) кездесуі өтті. Іс-шараға KazakhExport Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектыбаева қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстанның мемлекеттік органдары мен Қазақстандағы БҰҰ елдік командасының өкілдері бар.

Іс-шараның мақсаты орнықты даму (ESG) саласындағы күн тәртібін ілгерілетуде бизнеске қолдау көрсету, UN Global Compact туралы хабардарлықты арттыру және тиімді ESG бизнес тәжірибелерін көрсету. Конференция шеңберінде қатысушылар ESG-дегі бизнестің рөлін, тұрақты қаржыландыру және жауапты инвестициялау мәселелерін және іскерлік ынтымақтастық нысандарын талқылады.

KazakhExport корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және ESG саласындағы әлемдегі ең ірі бастама, UN Global Compact -тің  толыққанды қатысушысы болып табылады. 

KazakhExport UN Global Compact-қа қосыла отырып, БҰҰ-ның Адам құқықтары, еңбек құқықтары, қоршаған ортаны қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жаһандық шартының 10 қағидатын сақтау, сондай-ақ БҰҰ-ның ESG саласындағы 17 мақсатын ілгерілету міндеттемесін қабылдады.

Жыл сайын KazakhExport жоғарыда аталған бағыттардағы өз қызметі және ESG (экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару) стандарттарын сақтаудағы прогресс туралы есептілікті ұсынады.

БҰҰ-ның Жаһандық шартының басты артықшылығы - оған қосылған компания өзінің жаһандық орнықты даму мақсаттарына адалдығын жариялайды. Осылайша, ол қаржылық көрсеткіштерді көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді кезеңде компанияның құнын арттыратын және оның қаржылық нәтижелерін жақсартатын ESG қағидаттарын кеңінен қолданатын жаңа буын компанияларының тізіміне кіреді.