Шымкент кәcіпорындары шикізаттық емес өнім экспортын арттырды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шымкент кәcіпорындары шикізаттық емес өнім экспортын арттырды

Шымкент қаласында 2022 жыл ішіндегі өңделген өнімнің тауар айналымы $2,4 млрд. құрап, 37,2% ұлғайды. Шикізаттық емес экспорт екі есе өсіп, $730 миллионға жетті.
Негізгі экспорттық тауарлар дистилляттар, ұн, күнбағыс майы, цемент және битум болды. Өнімнің көп бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей Федерациясына, Қырғызстан, Түркия, Қытайға бағытталады.
2022 жылы KazakhExport аймақтың экспортқа бағдарланған кәсіпорындарына 5,4 млрд теңге сомаға қолдау көрсетті.
Бұл – тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар. Оның ішінде – «Шымкентмай» май өнімі, «AIIG KAZAKHSTAN» мақта-талшық және «Sweet ldeas-KZ» кондитерлік өнімдері.