Қазақстан және Германия: Euler Hermes және KazakhExport экспортқа қолдау көрсету саласында тәжірибе алмасты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстан және Германия: Euler Hermes және KazakhExport экспортқа қолдау көрсету саласында тәжірибе алмасты

Экспорттық несиелерді сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы Euler Hermes (Ойлер Гермес) «KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметкерлері үшін экспортты қолдау және дамыту шаралары бойынша семинар өткізді.

Іс-шара неміс Төменгі Саксония менеджменті академиясының (DMAN) атсалысуымен немістің Гамбург қаласында өтті.

Семинар барысында экспорттық несиелерді сақтандыру және кепілдеу арқылы экспортқа қолдау көрсету, экспорттық мәмілелерді саудалық және тікелей қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттік қолдау көрсетудің басқа тетіктерін ұйымдастыру бойынша Euler Hermes тәжірибесі қарастырылды.

Сонымен қатар, экпортерлермен және банктермен сыртқы коммуникацияларды автоматтандыру, экспорттың заң жүзіндегі аспектілері, дербес қауіптерді бағалау және басқа көптеген мәселелер талқыланды.