Макинск жылумен оқшаулау зауыты өнімдер шығарылымын айына 2 700 тоннаға дейін арттырады
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ зауыттың дайын өнім өндіру көлемін ұлғайтуға қолдау көрсетілді.
Қолдауының арқасында зауыт кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету және дайын өнімдер шығарылымын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жылумен оқшаулау материалдары нарығындағы ұстанымын бекітуге, тұтынушылар ниеттестігін сақтауға мүмкіндік береді.
MakWool маркалы минералдық тақталардың базальт тектес вулкандық тас негізінде жасалғанын және температураны 1000ºС дейін ұстап тұруға қабілетті екенін атап өтеміз. Осындай материал азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста жылыту және дыбысты оқшаулау үшін кеңінен пайдаланылады.
Зауыт дайын өнім өндіру көлемін ағымдағы 2 300 тонна деңгейінен айына 2 700 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.