Петропавлда экспортты дамыту мәселелері талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Петропавлда экспортты дамыту мәселелері талқыланды

KazakhExport басқармасы төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов және KazakhExport аймақтық менеджері Ерхат Үсейінов жергілікті өндірістік компанияларды аралап, кәсіпкерлерді экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсету құралдарының мүмкіндіктерімен таныстырды. Кездесулер СҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

KazakhExport көрсететін қызметтерді шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар/қызметтер өндірісі бойынша Қазақстанның кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорнының пайдалана алатынын еске саламыз. Кәсіпкерлерге қолайлы болу үшін Қазақстанның әр аймағына бөлек менеджер бекітілген, олар сақтандыру арқылы қолдау көрсету тәсілдері туралы ақпарат алу үшін KazakhExport-пен хабарласа алады.