KazakhExport және Qazindustry сарапшылары Қызылорда қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport және Qazindustry сарапшылары Қызылорда қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.

Өткен аптаның соңында KazakhExport және Qazindustry өкілдері Қызылорда қаласында жұмыс сапарында болды.

Жұмыс сапары барысында сарапшылар жергілікті кәсіпорындардың өндіріс алаңдарын аралады.

Қызылорда қаласының кәсіпкерлеріне дүниежүзілік тәжірибені есепке ала отырып, шикізаттық емес отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндалды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және экспортты ұлғайтудың келешек бағыттары кең ауқымда қарастырылды.